ҚУАТТЫ ҚОНДЫРҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ…

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ірі газ кеніштерін игеру, ауылдарды газбен қамтамасыз етуді атқарушы билікке тапсырған. Оны іске асыру бойынша Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу жоспарланған.
Стратегиялық нысанның құрылысы Сайрам ауданында жүргізіліп жатыр. облысы әкімі осыған байланысты жиналыс өткізді.
Нұралхан Көшеров:
– Бұл – аса маңызды жоба. Уақтылы әрі сапалы атқарылуы тиіс. Жұмысшылар санын көбейтіп, жобаны жандандыру қажет. Облыс әкімдігі тарапынан толық қолдау көрсетіледі, – деді.
«Түркістан БГҚ» ЖШС инфрақұрылым тарту, газ, электр жүйелерімен қамту жұмыстарының жалғасып жатқанын жеткізді. Қажетті жер телімдері мемлекет меншігіне өткізіліп жатыр.
«Самұрық-Қазына» АҚ — жобаның серіктесі. Бүгінде бетондау жұмыстары 64% орындалды. Металл конструкцияларды монтаждау бойынша жұмыстар 9,2 пайызға атқарылған. Қажетті құрал-жабдықтары мен металл конструкциялары жеткізілуде. Облыс әкімі құрылысты сапалы жүргізіп, өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.