ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Келес пен Сарыағаш аудандарына іссапармен бардым. Медицина, білім және әлеуметтік нысандарды аралап, бүгінгі жай-күйін бақылады. Жергілікті тұрғындармен және жауапты сала өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

 

Жүзімдік дәрігерлік амбулаториясы мен Бесқұбыр бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымында болып, құрылыс жұмыстары зерделеніп, тиісті тапсырмалар жүктедім. Бұл нысандар пайдалануға берілген соң ауыл халқына тегін медициналық қызметтер көрсетеді. Жеке кәсіпкерлермен пікірлесіп, инвестициялық жобалар жайлы ойлар ортаға салынды.

«Абай» Келес аудандық ауруханасының жағдайымен танысты. «Жаңақоныс» фельдшерлік-акушерлік пунктіне қатысты түсіндіру жүргізілді. Медицина қызметкерлерінің талап-тілектерін тыңдап, шешімі де табылды. Бейсенбай Тәжібаев жергілікті жауаптыларға халықты тіркеу бойынша заңбұзушылық әрекеттер болмауын қатаң ескертті.

 

Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді мекеніндегі №9 Майлықожа мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары тексерілді. Салынғанына 40 жылға жуықтаған білім ошағы ретке келтіріп жатыр. 824 орынға шақталған. Құрылысы 25 мамырда басталды. Биыл тамыз айының соңына дейін аяқталуға тиіс. Жауапты тұлғалар мен мердігер мекемеге балалардың қауіпсіздігі мен болашағы үшін құрылысты сапалы әрі тиянақты жүргізіп, уақтылы қолданысқа тапсыру талап етілді.

 

Келес ауданындағы Отбасын қолдау орталығының жұмыстарымен танысты. Мекеме консультациялар беру, кешенді сүйемелдеу, әдіснама және ақпараттық-ағарту жұмыстарын атқарып келеді. Орталыққа 1 маусымдағы жағдай бойынша 293 адам жүгініп, 481 қызмет түрі ұсынылған. Олардың басым бөлігі аз қамтылған, көпбалалы, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған аналар.