ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері тұрақты комиссия отырысында талқыланды. Оған облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовтің өзі қатысты.

Күн тәртібінде:

1. «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VІII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;

3. Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері;

4. Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия шарттарының және келісімшарттардың орындалу барысы туралы;

5. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;

6. «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/188-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

7. «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/477-VI шешіміне толықтырулар енгізу туралы;

8. «Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-II шешіміне өзгеріс енгізу қаралды.

Бүге-шүгесіне шейін електен өткізілген мәселелер бірауыздан сессияның қарауына жолданды.