ПРЕЗИДЕНТ KazPan ЗАУЫТЫН КӨРДІ

Президент KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауыттын көрді. Кәсіпорын Kindus оңтүстіккореялық өндірісінің жоғары технологиялы автоматтандырылған желісімен жабдықталғанын жеткізді. Зауыт жылына 1,8 миллион шаршы метрге дейін өнім шығара алатынын айтты.
Мұнда заманауи жабдықтармен және технологиямен жұмыс істеу үшін Kindus-тың инженерлерді оқыту курсынан өткен 50 маман еңбек етіп жатыр. Бүгінде сэндвич-панелдер өнеркәсіптік, логистикалық, әкімшілік, спорттық және басқа да нысандардың құрылысын жүргізуде сұранысқа ие.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында зауыттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық беретініне және еліміздің инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосатынына сенім білдірді.