МӘСЛИХАТТА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының Әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Оған депутаттар, комиссия мүшелері мен басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде әлеуметтік маңызды мәселелерге талқылау жасалды. 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігі мен тексеру комиссиясының есептері тыңдалып, Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы мен аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының міндеттері мен функцияларының орындалуы туралы есептері қаралды.
Сондай-ақ, 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізілетін өзгерістер, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау, облыс әкімдігінің дербес құрамына өзгерістерді келісу, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық кеңесінің дербес құрамын бекіту, Кентау қаласындағы бірқатар көшелерге атау беру және қайта атау, Сарыағаш ауданындағы әкімшілік-аумақтық құрылысқа байланысты мәселелер талқыланды.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, комиссия мүшесі Бахыт Басымбек, әрбір бастаманың тұрғындар үшін іске асырылуы маңызды екенін атап өтті.
— Әрбір шешімнің өңіріміздің дамуын қамтамасыз етуге, жергілікті басқару жүйесін жетілдіруге, тұрғындар үшін маңызды бастамаларды іске асыруға бағытталғанын атап өткім келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай бірлесіп іске асыру үшін барлық әріптестеріміз белсенді қатысып, бірқатар маңызды шешімдер қабылдадық,- деді, Бахыт Мүсірәліұлы.
Отырыста көтерілген мәселелердің барлығы комиссия мүшелері тарапынан қолдау тауып, алдағы уақытта сессия қарауына ұсынылатын болады.