ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКИЯДА

Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды. Қасым-Жомарт Кемелұлын Режеп Тайип Ердоғанның өзі әуе жайдан салтанатты түрде күтіп алды. Түркия Президенті мемлекет басшысына: «- Екінші еліңізге қош келдіңіз»,- деп ерекше ілтипат танытты.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев:

 

– Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын, — деді.

Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді.

 

Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.