ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАП ЖАТСА ДА…
Түркістан облыстық мәслихатының Төрағасына ақпараттық шабуыл жасалды. «Shyndyq.kz» сайтының редакциясы Нұралы Әбіш мырзаға қатысты компаниялар 281 келісімшарт түзіп, 231 млрд табыс тапқанын айтты.
Алайда олар айналымдағы ақшаның табысқа жатпайтынын ескермеді. Сол сияқты Әбішев әулетіне тиесілі кәсіпорындар мыңға жуық адам еңбекпен қамтылып, облыс бюджетіне 1 млрдға жуық салық төлеп келе жатқанын есепке алмаған.
Нұралы Әбіш бизнеспен айналысуды депутат болмай тұрғанда бастаған. Облыстық мәслихатқа халықтың өзі ұсынған. Қанша рет бас тартса да жерлестері сенім артып, депутаттықтан түсірмей келеді.
Блогердің Нұралы Әбішке айтқан негізсіз сынын көпшілік дұрыс қабылдамады. Қоғамдық пікір кәсіп ашып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып жүрген кәсіпкерлерге тиісуге болмайтынын жарыса жазуда.
Халықтың сөзінің жаны бар. Қазір кез-келген қызмет көрсету мемлекеттік тапсырыс аясында атқарылады. Сол сияқты бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы әрі кәсіпкерлерді қолдау мен қорғауға берген кепілдік.
Ал, кәсіпкер мемлекеттен алған ақшасын қалтасына басып қалмай, жаңа жұмыс орындарын ашумен айналысып жүр. Сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауылдарға жол салып, газ кіргізіп, спорт нысандарын сыйлап, облыстың экономикасына ғана емес көркеюіне де үлес қосуда. Бірде бір кәсіпорыннан шағым түскен емес. Өнімдері сапалы.
Ал, кез-келген бизнестің айналымдағы ақшасынан түскен табыстың едәуір бөлігі коммуналдық төлемдерге, салыққа, жұмысшылардың жалақысы мен кәсіпорынды ұстап тұруға жұмсалады. Нұралы Әбіш мемлекеттік тапсырыс алып жүрген көптеген кәсіпкерлерге үлгі боларлық іс жасап, Президент тапсырмасын орындап жатыр. Ал сайт өкілдерінің ақпараттық соққы беруі аяқтан шалу және Президенттің отандық кәсіпкерлерді қолдау саясатына қарсы саясат емес пе? Кәсіпкерді қолдаған қоғамдық пікір осыған саяды.
