АЙКӨЛГЕ АУЫЗ СУ БЕРІЛДІ

Айкөл тұрғын алабындағы ауызсу жүйесін іске қосылды. Тұрғындардың қуанышына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ортақтасып, ортасынан табылды.

 

Мұнда 14,7 шақырым су құбыры жүргізілді. Нәтижесінде жеке үйлер мен әлеуметтік нысандар – жалпы 38 нысан толық ауызсумен қамтамасыз етілді.

 

Қала әкімі демеушілерге мен мердігерге жұмысты уақытылы әрі сапалы аяқтағаны үшін ризашылығын білдірді. Әкімдіктің пен кәсіпкерлердің және аудан тұрғындарының бірлескен жұмысының арқасында Айкөлге су ертерек келді.

Айкөл тұрғын алабында су жүйесінің іске қосылуы – тұрғындармен ашық диалогтың және өмір сапасын жақсартуға бағытталған жедел шаралардың нәтижесі. Алдағы уақытта қаладағы коммуналды инфрақұрылымды дамыту жұмысы жалғасып, тұрғындарға барлық қажет жағдай жасалатын болады.