ӨТІНІШТЕР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

«Ашық әкімдік» кеңсесінде Түркістан облысы тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты өткізіліп келеді. Көтерілген мәселе кезегімен өз шешімін табуда. Кезекті жеке қабылдауда облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ауданнан келген азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады.

 

Бүгін әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету, сондай-ақ денсаулық, білім салаларына қатысты түрлі тақырып сөз болды.

 

Облыс әкімінің орынбасары өтініштерге түсіндірме беріп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Азаматтардың айтқаны назардан тыс қалмайды. Хаттамаға енгізілген ұсыныстар мен өтініштер бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі. Басты мақсат – халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, тиімді әрі әділ шешім қабылдау.