БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ҚАРАЛДЫ

Балалардың құқықтарын, заңды мүдделерін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басымдығының бірі.

Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.

 

Күн тәртібінде: мектептерде стоматологиялық қызметпен қамту, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау; білім беру ұйымдарының спорттық, зияткерлік, мәдени-ағартушылық және өзге де іс-шараларға қатысу үшін балалардың ұйымдасқан топтарын тасымалдау талаптарының сақталуы; сабаққа келмейтін немесе дәлелсіз себептермен сабаққа қатыспайтын оқушылармен жұмыс жүргізу; білім беру мекемелерінде ішкі тәртіп ережелерін және мектеп формасын сақтау; кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен мектептерде оқушылар тарапынан жасалатын буллингтің алдын алу; кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі қаралды.

 

Талқыланған мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – ортақ міндетін екенін айтты, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.