ТАҒЫ 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Шымкентте жалдамалы пәтерлерді бөлудің кезекті кезеңіне сәйкес тұрғын үй кезегінде кезегінде тұрған 30 отбасыға пәтер кілті табысталды. Салтанатты іс-шараға мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков қатысып, қоныс тойымен құттықтады.
Үйлер нысандардың дайын болуына және тиісті құжаттардың рәсімделуіне қарай кезегін күткен азаматтарға беріліп жатыр. Баспаналар мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған.
Асар-2 және Тұран шағынаудандарында орналасқан тұрғын үйлер жаңа егесін қабылдауға дайын.
