ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ТҰРАН АУДАНДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби және Тұран аудандарының тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізіп, қала өміріне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Тұрғындар әлеуметтік маңызы бар бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Кездесуде ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру, қоғамдық кеңістіктерді дамыту, бейнебақылау камераларын көбейту, тұрғын үй кезегінің ашықтығын сақтау және көпқабатты үйлерді жылумен қамту мәселелері көтерілді.
Сондай-ақ жер қатынастары, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдері мен автотұрақтарды реттеу, нысандар маңдайшаларын бірыңғай дизайн-кодқа сәйкестендіру, аулаларды абаттандыру және көгалдандыру жайы сөз болды.
Бұдан бөлек, тұрғын алаптардағы жаңа үйлерге газ тарту, мәдениет үйлерін салу, дренаж және суағар жүйелерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Сындарлы диалог барысында қала әкімі жауапты сала басшыларымен бірге тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап беріп, көтерілген мәселелердің орындалуын бақылауға алуды аудан әкімдері мен басқарма жетекшілеріне тапсырды.
