ПОЛИЦЕЙ ҚЫЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Түркістан қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше мерекелік іс-шара өтті. Қоғамлық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полицей қыздарға құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы қатысты.

Нұралы Әбішов полиция аруларының қызметтегі жауапкершілігі мен табандылығын атап өтті. Оларға өз атынан және облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады.

 

Нұралы Әбішов: 

Аяулы асыл жандар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Бүгінде Түркістан облысында 2 миллион 148 мыңнан астам адам тұрса, соның 49 пайызы – әйел азаматшалар. Бұл – өңір дамуының жарты жүгін әйелдер арқалап отыр деген сөз. Нәзік жандылар ел экономикасының барлық саласында жемісті еңбек етіп жүр. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында «Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» деп айқын атап өтті. Бұл тұрғыда заңдылықты сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғауда полиция органдарының қызметі айрықша маңызға ие. Түркістан облысында 3,518 полиция қызметкерінің 261-і – нәзік жандылар екен. Өз ісінде ер азаматтармен тең еңбек етіп жүрген полиция саласындағы қыз-келіншектерге айрықша алғыс айтқым келеді», – деді.

 

Ер азаматтармен иық тіресіп қызмет етіп, құқық қорғау саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген полицей ханымдардың ерлігіне қоғам да тәнті.