АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі көпбалалы аналармен және түрлі салада аянбай еңбек етіп жүрген жандармен арнайы кездесті. Мерекелік жүздесу барысында ананың қоғамдағы рөлі, отбасы құндылықтары мен ұрпақ тәрбиесі төңірегінде жылы дидарласу өтті.

​Берекесі мен бірлігі жарасқан облыс халқының жартысына жуығын әйелдер қауымы құрайды:

Жалпы халық саны: 2 148,2 мың адам.

Әйелдер үлесі:  1 055,6 мың адам (жалпы халықтың 49%).

 

Көпбалалы аналардың алтын бесігі

​Түркістан өңірі — республика бойынша көпбалалы аналардың қайнары. Елдегі 861,6 мың көпбалалы ананың әрбір төртіншісі, яғни 191 мыңнан астамы осы өңірдің тумасы.

 

​Аналардың мәртебесін айқындайтын нақты деректерге сүйенсек:

18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 123 059 ана бар;

​45 мыңнан астам ана «Күміс алқа» иегері;

​18 964 ана «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталған;

​2 879 аяулы жан I–II дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегері;

​1 849 ана «Батыр ана» атағын алған.

 

​Кездесу соңында облыс әкімі аналарды мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы ерен еңбектеріне ризашылығын білдірді.