КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы жасыл желек санын көбейту және орман қорын байыту бағытында еліміз бойынша үздіктердің қатарында. Бүгінде облыста орман шаруашылығына қарасты 21 тұқымбақ жұмыс істейді. Олардың жалпы аумағы — 342 гектар.

 

Көшет саны: 35 миллионнан асты.

​Республика бойынша ағаш отырғызу көлемі мен көшетпен қамту деңгейі 300%-ға жетті.

​Суғару жүйелері тексеріліп, кемшіліктерді жою шаралары жүргізілуде.

​Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Қазығұрт ауданындағы негізгі көгалдандыру нысандарын аралады:

«Жарық-жол және саябақтары» мекемесі:

​Аумағы: 1,2 гектар.

​Толықтай тамшылатып суғару жүйесімен қамтылған.

«Жасыл желек» мекемесі:

​Аумағы: 20 гектар (оның 16 гектарында 40 түрлі көшет өсіріледі).

1,9 миллион көшет және арнайы жылыжай бар.

​Нұрбол Тұрашбеков тұқымбақ әлеуетін толық пайдалануды және көшет түрлерін көбейтуді тапсырды.

​2026–2028 жылдар аралығында жасыл желекті көбейту жоспары бекітілген.

​2021–2025 жылдар аралығында өңірде 3,7 миллионнан астам көшет отырғызылды (көнімділігі 63,5%). Алдағы үш жылда кезең-кезеңімен қосымша көшеттер босату жоспарлануда:

 

2026 жылы — 224,2 мың дана 

2027 жылы  — 149,5 мың дана 

2028 жылы  —  74,6 мың дана

Жалпы 448 599 дана 

 

Түркістан облысының бұл қадамдары аймақтың экологиялық ахуалын жақсартып, «жасыл белдеу» аумағын кеңейтуге бағытталған. Сондай-ақ, өнімділікті күшейту көзделген.