ІРІ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ АШЫЛАДЫ

Отырар ауданында ауыл шаруашылығы саласы жаңа серпін алуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе ауылында ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

​Ақтөбе ауылында бой көтеріп жатқан нысан бір мезетте 5 мың бас ірі қара малды бордақылауға қауқарлы. Кәсіпкер Мұрат Нұрғали қолға алған бұл жобаның басты ерекшелігі — мұнда озық американдық технологияларды қолдану жоспарланған.

​Жоба толық қуатына енген кезде 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, ауыл тұрғындары үшін жаңа табыс көздері аашылады әрі ет өндірісінің көлемі айтарлықтай артады.

​Аудан әкімі құрылыс алаңына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.

Қайрат Жолдыбай:

​«Бұл жоба тек ет өндірісін ұлғайтып қана қоймай, ауыл шаруашылығын заманауи деңгейге көтереді. Біздің тарапымыздан кәсіпкерлердің мұндай игі бастамаларына әрдайым қолдау көрсетіледі», — деді.

​Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жаңа бордақылау алаңы іске қосылғанда, Отырар ауданы облыстағы ет өнімдерін жеткізуші негізгі орталықтардың біріне айналмақ.