САУРАНДА 300 ШЫРША ЕГІЛДІ

Жаңару күніне орай, Сауран ауданы, Шорнақ ауылында көгалдандыру және абаттандыру жүргізілді. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 300-ге тарта шырша көшеттері отырғызылды.

Ж.Шайахметов, А.Құнанбаев және Қ.Жиеналиев көшелерінің көркі кіріп қалды. Игі іс қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көркейту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін ұйымдастырылды.