ТАЛ ҚАЛСЫН

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Сарыағаш ауданында ағаш көшеттерін отырғызу науқаны өтті.  Мақсаты – өңір аумағын көгалдандыру, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар мен жастар арасында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру.

Игі іске 100-ге жуық ерікті жастар мен белсенді тұрғындар қатысты. Олар 200-ге жуық тал көшетін бірлесіп отырғызды. Қатысушылар аумақты абаттандыруды бір кісідей атқарды. Облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы тал еккен азаматтарға ризашылығын білдірді.

Ернар Бектаев: 

«Бұл шара — қоршаған ортаны қорғауға және өңірдің жасыл желегін көбейтуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Сонымен қатар, мұндай шаралар жастарды қоғамдық жұмыстарға тартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясындағы көгалдандыру және тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бұл бастаманы облыстың белсенді жастары бірауыздан қолдайды» — деді.