ТҮРКІСТАН ТАЗА
Қала тазалығын «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС қамтамасыз етуде. Мекемеде 505 қызметкер еңбеккер бар. Әрбір жұмысшы өзіне бекітілген аумақта күнделікті көшелер мен аулаларды тазалап, қоқыс жинау жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, әр учаскеге жауапты бригадирлер белгіленген.
Жалпы қалада 875 көше бар. Оның ішінде 30 көше күн сайын, 120 көше аптасына үш рет, ал қалған 725 көше аптасына бір мәрте тазаланады.
Ай сайын қала көшелерінен шамамен 1950–2200 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылып, арнайы полигонға жеткізіледі.
Қоқыс жинау жүйесін жетілдіру мақсатында 500-ден астам жаңа қоқыс жәшігі орнатылды. Сонымен бірге, тозығы жеткен контейнерлер жөнделіп, бұрын қамтылмаған аумақтарға орналастырылды. Бұл шаралар қаланың санитарлық инфрақұрылымын кеңейтуге оң әсерін тигізуде.
Қазіргі таңда қалада 1262 қоқыс алаңшасы мен 2719 контейнер бар. Қалдықтарды дер кезінде шығару үшін 34 арнайы техника жұмылдырылған. Аталған бағыттағы жұмыстарды үш мекеме жүзеге асырады. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстарымен екі мекеме айналысса, тазалық пен абаттандыру бойынша жеті кәсіпкермен келісімшарт жасалған.
