СІЗГЕ ДЕ КЕРЕК
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы бойынша сенбілік өтті. Тазалық шарасынан Сауран ауданының тұрғындары да шет қалмай, қоғамдық орындарды абаттандыруға атсалысты.
Сенбілікке жалпы 1000-ға жуық адам қатысып, 13 арнайы техника тартылған. Нәтижесінде 20 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс шығарылды.
Адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, аяқжолдар әктеліп, аллеялар мен саябақтардағы шөптер орылды. Тазалықты үйрететін шара жалғасын табады. Десе де тазалық тек әкімдікке емес, бәріне де керек екенін ұмытпасақ игі еді.
