ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕГЕМЕНДІКТІҢ КЕПІЛІ

Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстау мақсатында кезекті штаб отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жетекшілік етіп, оған облыстық прокуратура, құқық қорғау органдары және жауапты басқарма басшылары қатысты. Аудан және қала әкімдері селекторлық байланыс арқылы қосылды.

Кездесу барысында өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың қазіргі жай-күйі жан-жақты сараланып, ықтимал тәуекелдердің алдын алу мәселелері қаралды. Әсіресе қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және тұрғындар арасында тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

Жиын барысында қоғамдағы тыныштық пен келісім – өңірдің орнықты дамуының негізгі кепілі екені ерекше айтылды. Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау – мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі екені ескертілді.

▪️Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары жауапты құрылымдарға құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтуді, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға халықпен кері байланысты арттырып, өзекті мәселелерге жедел әрекет ету міндеті жүктелді.

Жалпы, мұндай үйлестіру жұмыстары өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты сақтауға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік ахуалдың оң деңгейде қалыптасуына негіз болады.