ЖЕКЕМЕНШІК ҮЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті дамыту, құрылыс, инфрақұрылым, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелеріне жауапты тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысының күн тәртібіне бірқатар маңызды мәселелер енгізілді. Атап айтқанда, 2025 жылғы 15 желтоқсанда қабылданған №20/268-VIII «2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамына қатысты түзетулерді келісу, сондай-ақ 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу мәселелері қаралды.

Талқылау барысында комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды жан-жақты саралап, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Нәтижесінде күн тәртібіндегі барлық мәселелер бірауыздан қолдау тауып, оларды облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізу жөнінде қорытынды қабылданды.

Сонымен қатар, осы күні Түркістан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқықтық бағыт, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы да өтті.

Онда төрт негізгі мәселе қарастырылды. Біріншісі – 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы бұрын қабылданған шешімге өзгерістер енгізу. Екінші мәселе – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерге қатысты шешімге толықтырулар енгізу. Үшінші – облыс әкімдігі құрамындағы өзгерістерді келісу. Төртінші – кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс.

Комиссия мүшелері әрбір мәселені егжей-тегжейлі талқылап, тиісті ұсыныстарын ортаға салды. Қаралған мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, оларды алдағы мәслихат сессиясының қарауына шығару жөнінде ортақ шешім қабылданды.