ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА 18 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті мәжілісі өтті.
Комиссия отырысына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұрлан Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Қайыпбек, тұрақты комиссия мүшелері Бақытжан Сүлейменов, Талғат Садуов, Қанат Салыбек, Қарлығаш Жантөреева, Бақытжан Басымбек, Жандос Туламетов, Бауыржан Шойбеков, Жандос Құрақбаев, Бақыт Байғараев және облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Комиссияның күн тәртібіне енгізілген 18 мәселе жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, Түркістан облысының дін істері басқармасы, жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы, мәдениет басқармасы басшыларының өздеріне жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы жөніндегі есептері тыңдалды.
Сонымен қатар «Түркістан облысы 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Түркістан облыстық мәслихатының бірқатар шешіміне өзгерістер енгізу, Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу, сондай-ақ облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның және қылмыстық жазаларды орындау мекемелері мен органдарының қызметіне жәрдемдесу бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамдарына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Бұдан бөлек, облыс әкімдігі жанындағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау, Сарыағаш ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы бірлескен қаулы мен шешімге түзетулер енгізу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі №17 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына сайлау өткізу, облыстық мәслихат аппаратының құрылымын бекіту, облыстық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу және Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау мәселелері қаралды.
Сонымен бірге сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясының жұмысшы органдарының құрамына қатысты ұсыныстар мен облыс әкімдігі және облыстық тексеру комиссиясының 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері талқыланды.
Комиссия мүшелері күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, оларды алдағы сессияның қарауына енгізуді ұсынды.
Отырыс қорытындысында қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар қабылданып, оларды облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қарау туралы шешім қабылданды.
