СЕНБІЛІК ӘДЕТКЕ АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасымен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Аудан аумағының тазалығын сақтау мен экологиялық мәдениетті орнықтыруды көздейтін бұл маңызды іс-шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және белсенді тұрғындар қатысты.

Сенбілікте облыстық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің ішкі көшелері қоқыстан тазартылып, арық-атыз жүйелері қалыпқа келтірілді. Сонымен қатар, жол жиектері мен қоғамдық аумақтарда шөп шабу жұмыстары атқарылды. Арнайы техникалардың жұмылдырылуы жүргізілген жұмыстардың сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Жалпы сенбіліктің басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін күшейту. Туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – әрбір азаматтың ортақ парызы әрі жауапкершілігі.