ШЫМКЕНТТЕ КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
Шымкентте «Келешек мектебі» жобасының аясында 1500 орындық мектеп ашылды. Заманауи білім ғимараты Таскен шағын ауданында бой көтерген. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты. Мектеп заманауи оқу кабинеттерімен, интерактивті тақталармен, STEM-зертханалармен, IT-кабинеттермен, спорт залдарымен, асханамен және медициналық пунктпен жабдықталған. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы сыныптар қарастырылған. Шаһар басшысы оқушыларды, педагогтар…
