АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА

Қызылорда тас жолы бойындағы «Қарашық» өзенінің аумағында «Мөлдір бұлақ» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті. Тазалық шарасын Түркістан қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Қоршаған ортаны қорғау, су көздерінің тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру — бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Апталыққа Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен Түркістан қаласының прокуроры Кәукен…

Толық оқу

ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРУ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік құрылыс компаниясының директоры Сюй Миньмен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңірде жаңа индустриалды аймақ құру, заманауи қойма кешендерін тұрғызу және құрылыс жұмыстарын жеделдету бағытындағы бірлескен жобаларды талқылады. Кездесу кезінде компания өкілдері индустриялық аймақ, бондтық қоймалар, өндірістік корпустар, жеке өндірістік нысандар, әкімшілік-тұрмыстық және сервистік орталықтар, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым салу жөніндегі ұсыныстарын…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ БІР АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕТКІЗІЛДІ

Мемлекет басшысының елді мекендерді табиғи газбен қамтуды жеделдету жөніндегі нақты тапсырмасын іске асыру аясында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жалғасып келеді. Соның айқын нәтижесінің бірі – Сарыағаш ауданындағы Көктерек ауылдық округіне қарасты Көктерек кентінің жаңа тұрғын үй аумағының табиғи газға қосылуы. Аталған жобаның аясында Жасқанат, Қонаев, Бірлік, Тұран, Самал, Көктерек, Түркістан, Ұлытау, Жібек жолы, Береке, Отырар,…

Толық оқу

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ 5 МЛН ТЕҢГЕ СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ

1418 күн мен түнге созылған, адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі – Екінші дүниежүзілік соғыс миллиондаған адамның тағдырын өзгертіп, сан мыңдаған отбасына орны толмас қайғы әкелді. Бұл сұрапыл соғыс адамзатқа бейбітшіліктің қадірін ұғындырып, Отанды қорғаудың қасиетті парыз екенін дәлелдеді. Майдан даласында кеудесін оққа тосып, ел мен жердің азаттығы үшін жанын аямаған ардагерлердің ерлігі халық жадында…

Толық оқу

ӨЗБЕКСТАН ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕТЕКШІ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

Өзбекстан Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ташкент облысының хокимі Зойир Мирзаевпен бірге өңірдегі стратегиялық маңызы жоғары өндірістік, технологиялық және туристік нысандарды аралап, экономиканың түрлі салаларындағы озық тәжірибелермен жан-жақты танысты. Сапардың негізгі мақсаты – екі өңір арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, инвестициялық байланыстарды нығайту, өндірістік кооперацияны дамыту және экономиканың басым бағыттарындағы тәжірибе алмасуды…

Толық оқу

ҚАЗАҚСТАН МЕН ЧЕХИЯ ҚАТЫНАСЫ ЖАҢАША СИПАТ АЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чех Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабиш арасында Ақордада өткен жоғары деңгейдегі келіссөздер өзара сенім мен стратегиялық серіктестікті нығайтудың жаңа кезеңін айқындады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Чехия арасындағы дәстүрлі достық байланыстардың берік екенін атап өтіп, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты дамып келе жатқанын жеткізді. Президенттің айтуынша, елдер арасындағы өзара құрмет…

Толық оқу

«ШЕКСІЗ ӘЛЕМ»: ЕРЕКШЕ КЕШ

Түркістан қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қатысуымен «Шексіз әлем» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ерекше балалардың шығармашылық және спорттық жетістіктерін насихаттап, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына қолдау көрсету. Мерекелік кеш ерекше балалардың қолөнер көрмесімен басталды. Қонақтар жас шеберлердің туындыларын тамашалап, олардың шығармашылық…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың бірінде болып, тұрғындармен тілдесті. Апаттың алдын алумен айналыспаған жауапты министрлер мен облыс әкімдеріне сөгіс жарияланды. Мемлекеттік штаб құрылды. Судың бетін қайтарумен ҰҚК, Қорғаныс министрлігінің сарбаздары мен Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық департаменттерінен құтқарушылар, еріктілер мен ауыл азаматтарының өздері де айналысып жатыр. Үкімет басшысы бастаған топ жағдай тұрақталғанша апатты…

Толық оқу

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАҒЫ ДА РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША КӨШ БАСТАДЫ

Түркістан облысы 2026 жылдың алғашқы алты айын әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижемен қорытындылады. Қаңтар-маусым айларының қорытындысына сәйкес, қысқа мерзімді экономикалық өсім 126,3 пайызды құрап, өңір республика бойынша 1-орынға көтерілді. Ал жалпы өңірлік өнім көлемі бірінші тоқсанда 1 трлн 129,9 млрд теңгеге жетіп, өсім 109,6 пайызды көрсетті. Бұл көрсеткіштер Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ӨНДІРІСТІҢ ТЫНЫСЫ: ФЛОАТ-ШЫНЫ ЖОБАСЫ ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНА СЕРПІН БЕРМЕК

Түркістан облысы инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстың нақты нәтижесін көрсетіп келеді. Соның айқын дәлелі – шетелдік инвесторлардың өңірде флоат-шыны өндірісін іске асыруға деген қызығушылығы. Бұл бастама өңдеу өнеркәсібін әртараптандыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды жобалардың бірі саналады. Аталған жобаны жан-жақты пысықтау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек шетелдік инвесторлармен арнайы…

Толық оқу