ЦИФРЛАНДЫРУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Шымкент қаласында білім беру саласындағы цифрландыру бағытында бірнеше жобалар жүзеге асырылып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру саясатын жеделдетуді тапсырған.
Білім беру ұйымдарының қызметін толық цифрландыру арқылы басқару тиімділігін арттыру, ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу барысы БАҚ өкілдеріне таныстырылды.
Барлық процестерді бақылауға мүмкіндік беретін QARQYN бірыңғай интеграциялық жүйесі мектепке дейінгі, қосымша, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ инклюзия, кадр, қаржы, бухгалтерия және құжат айналымы бақылайды. QARQYN Kundelik, 1С, Balabaqsha, Qosymsha, Pana, Smartnation және Sana базасымен интеграцияланған әрі ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестендірілген.
Aiqyn жобасы жасанды интеллект элементтері енгізілген кешенді жүйе. Жоба қауіпсіздік, құрылымданған кабельдік жүйе және тамақтануды есепке алуға арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннен тұрады.
Жоба аясында мектептерге қосымша 10 400 бейнекамера орнатылып, жалпы 15 000 камера қалалық полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылды. Камералар тәулік бойы мониторинг жүргізеді және ұлттық қауіпсіздік стандартына сай келеді.
Сол сияқты 98 мектепте жеңілдетілген тамақтануды есепке алатын 392 биометриялық кешен енгізілді. Алақан арқылы сәйкестендіру жүйесі бюджет қаражатының ашық әрі нақты балаға бағытталған. Ата-аналар баласының мектепке кіріп-шыққаны мен тамақтанған уақытынан арнайы смс арқылы біліп отыратын тиімді тетік болды.
Цифрлық шешімдер бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етіп, білім сапасын арттыруға арналған. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек цифрландыру жұмыстарының кезең-кезеңімен жалғасатынын айтты.
Мектептерді бейнебақылау білім сапасы мен буллингтің алдын алуға септігін тигізіп, тиімділігін көрсете бастады. Еліміздің өзге де өңірлерінде сынақтан өткізілген тәжірибе.
