ЕҚЫҰ-мен УАҒДАЛАСТЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Алексей Роговпен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірлік ынтымақтастықты кеңейту, экологиялық жобаларды қолдау және тұрақты даму бағытындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, инвестициялық әлеуеті мен өндірістік мүмкіндіктеріне тоқталды. Әсіресе ет, мақта және жүгері бағытындағы кластерлік жобалардың…
