ТҮРКІСТАНДА 2 МИЛЛИОННАН АСТАМ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерді көгалдандыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Президенттің республика аумағында 15 миллион ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл Түркістан…

Толық оқу

АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІН СЕНДІРІП КЕТТІ

​Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Түркістан облысына барып, жергілікті шаруалардың мұң-мұқтажын тыңдап қайтты. Бұл кездесудің негізгі мақсаты — кабинетте отырып емес, ел ішіне шығып, нақты жағдайды көру болды. ​Вице-министр алдағы көктемгі егіс жұмыстарына дайындықтың маңыздылығын, мемлекеттен берілетін көмекті қалай дұрыс пайдалану керектігін және мал өнімдерін шетелге сату мәселелерін қозғады. Сондай-ақ, жерді бос жатқызбай, заң аясында…

Толық оқу

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАБЫ ТЫҢДАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау алаңында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдауға тиісті салалық басқарма жетекшілері қатысып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер кешенді түрде қарастырылды. Кездесу барысында өңір үшін өзекті бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Сауран ауданындағы А.Югнаки атындағы білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізу қажеттігі көтерілді. Бұл жоба «Мектептерді…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.   Бұл құжат арқылы Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне, сондай-ақ «Азаматтық қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдары…

Толық оқу

ІІМ ЖАУАБЫ: РАҚЫМШЫЛЫҚҚА КІМДЕР ІЛІНБЕЙДІ?

Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған рақымшылық туралы заң – елдің жаңа Конституциясының қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жекелеген адамдарға қатысты қабылданған ізгілік актісі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Рақымшылық қоғамға қауіп төндірмейтін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық қауіпсіздікке және заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің өзге де маңызды мүдделеріне зиян келтіретін қылмыстық және әкімшілік құқық…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҚ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТТЫ

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы-на мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті жоғары деңгейде өтті. Түркі дүниесінің рухани орталығы саналатын көне шаһарда ұйымдастырылған бұл маңызды басқосуға Қасым-Жомарт Тоқаев, Режеп Тайип Ердоған, Ильхам Әлиев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев қатысты. Саммит аясында мемлекет басшылары түркі интеграциясын тереңдету, өзара сауда айналымын ұлғайту, көлік-логистика байланыстарын дамыту, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ…

Толық оқу

АУЫЗ СУДАН ПАЙДА БОЛАТЫН АУРУЛАР

Сапасыз немесе ластанған ауыз су — бірқатар жұқпалы ауруларға шалдықтырады. Кейбір адамдарда қайнамаған және тазартылмаған суда минералдар сақталады деген түсінік қалыптасқан. Мейлі ашық, мейлі жабық су нысандарынан келетін сулар залалсыздандырылмаса денсаулыққа зиян шектіруі мүмкін.    Ауыз судан жұғатын жиі кездесетін аурулар: • Ауыз арқылы жұғатын ішек инфекциялары (дизентерия, іш сүзегі, холера); • Вирусты гепатит А;…

Толық оқу

ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫН ДАМЫТПАҚ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алтай Күздібаевпен жүздесіп, өңірдегі тұрғын үй саласының бүгінгі жай-күйі мен алдағы міндеттерді талқылады. Кездесу барысында баспана құрылысын арттыру, аумақтарды кешенді игеру, жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыру және тұрғын үй секторын одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды. Өңір басшысы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі облыстың…

Толық оқу

АППАРАТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Президент Әкімшілігінің келісіміне сәйкес және Түркістан облысы әкімінің өкімімен Файзулла Байдуллаев Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Жаңа аппарат басшысын таныстырған облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алдағы жоспарлар мен басым міндеттерге тоқталып, жауапты қызметке кіріскен азаматқа нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ жаңа қызметіне табыс тілеп, өңірдің дамуына бағытталған жұмыстарды сапалы атқаруға сенім…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің Жоғарғы соттары төрағаларының II форумы өтті. Халықаралық маңызы зор жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның жоғары сот органдарының басшылары қатысты. Форум барысында сот жүйесін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын құқықтық салаға енгізу, инвестициялық ортаны жетілдіру және инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шара кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы…

Толық оқу