«АҚ ОРАМАЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шаңырақ күні мерекесіне орай Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» республикалық акциясы өтті. Онда ұлттық құндылықтар, отбасылық дәстүрлерді жаңғырту және ананың қоғамдағы мерейін өсіру жолдары насихатталды. Жиында қазақ халқының тағылымды дәстүрі жаңғыртылып, аналар жас жұбайларға және ақжаулықты әжелерге ақ орамал жапты. Сондай-ақ, «Шылауыш орау» дәстүрінен сахналық көрініс, аналарға арналған әсерлі әндер,…

Толық оқу

50 БҮЛДІРШІННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Ордабасы ауданында бір мезетте 50 бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Ұлттық үрдіс Наурызнама онкүндігі шеңберінде ұйымдастырылды. Аудан әкімі Азат Оралбаев бастаған лауазымды тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері салт-дәстүрге сай бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, ақ батасын берді.   Тұсаукесер – баланың өмір жолы ашық, қадамы берік, болашағы жарқын болсын деген ізгі ниеттен туған ырым. Қаз-қаз тұрған сәбидің тәй-тәй басқан шағында…

Толық оқу

ТҮРКІСТАН ТАЗА

Қала тазалығын «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС қамтамасыз етуде. Мекемеде 505 қызметкер еңбеккер бар.  Әрбір жұмысшы өзіне бекітілген аумақта күнделікті көшелер мен аулаларды тазалап, қоқыс жинау жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, әр учаскеге жауапты бригадирлер белгіленген.   Жалпы қалада 875 көше бар. Оның ішінде 30 көше күн сайын, 120 көше аптасына үш рет, ал қалған 725 көше аптасына…

Толық оқу

ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІН ТАЛҚЫЛАУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Қала әкімдігінде өткен кеңесте Жолдауды жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Мәжіліске Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.   Қала әкімі Президенттің әрбір Жолдауы ел дамуының нақты бағытын айқындап, халықтың болашаққа деген сенімін нығайтатынын атап өтті.   Ғабит Сыздықбеков  – Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің экономикалық өркендеуіне, әлеуметтік тұрақтылығына, ғылым…

Толық оқу

КОРЕЯМЕН БАЙЛАНЫС НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Құрметті консулы, KITA-ның штаттан тыс директоры, Dongkwang Corporation-ның төрағасы Ли Санг Хун бастаған «Dongkwang Corporation», «BLE., Co Ltd», «ETOV» компанияларының өкілдерімен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы логистикалық хаб, тау-кен өндіру, кабель шығару бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, әріптестік ынтымақтастықты нығайтуды сөз етті.   Облыс әкімі экономикалық және…

Толық оқу

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ — ТЫНЫШТЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде кең ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған мереке елдегі татулық пен тұрақтылықтың, қоғамдық келісім мен өзара құрметтің айқын көрінісі ретінде жоғары деңгейде өтті. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, өңір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Өз сөзінде аймақ басшысы бірлік пен…

Толық оқу

АКВАТУРИЗМ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысында аквотуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Шаға ауылдық округіне арнайы барып, инвестормен кездесті. Әңгіме барысында жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, аквотуризмді дамыту және заманауи балық шаруашылығы кластерін құру жайы айтылды. Аймақ басшысы жұмысты сапалы әрі уақтылы орындауды тапсырды. «Шаға» су қоймасының аймағы реттеліп, құрылыс…

Толық оқу

ЕРТЕ КҮРЕСТІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ БЫЛТЫРҒЫДАН АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысында фитосанитариялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және зиянкестердің таралуын шектеу мақсатында кешенді іс-шаралар қарқынды түрде іске асырылуда. Арнайы болжам және мониторинг жүргізетін орталықтың деректеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін марокколық шегірткенің дернәсілдеріне қарсы жалпы көлемі 546 451 гектар жер зерделенген. Зерттеу нәтижесінде 176 473 гектар аумақта зиянкестің таралу деңгейі экономикалық зияндылық шегінен асқаны анықталған. Қазіргі таңда…

Толық оқу

ӨСІМДІК МАЙЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылдық округінде орналасқан индустриялық аймақта «Альбарака 077» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өсімдік майын өндіретін жаңа зауыты ресми түрде іске қосылды. Өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған бұл маңызды жобаның ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, кәсіпорынның ел экономикасына қосар үлесіне оң бағасын берді. Аталған инвестициялық жобаның жалпы құны 1 миллиард теңгені…

Толық оқу