ЕКІ АВТОПАРККЕ 35 АВТОБУС БЕРІЛДІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қалалық автопаркті жаңарту мақсатында тасымалдаушы компанияларға 35 жаңа автобустың кілтін салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар көлік саласында адал қызмет етіп жүрген бір топ маманды алғыс хаттармен марапаттады.
«ТехПрофАвто» компаниясы — 23 дана;
«Жолаушы» компаниясы — 12 дана.
Нұралхан Көшеров:
— Өз сөзінде өңір басшысы Түркістанның ерекше мәртебесіне тоқталып, туристер санының қарқынды өсіп жатқанын атап өтті. Мәселен, өткен жылы қалаға 1,2 млн турист келсе, биылғы жылдың алғашқы 3 айының өзінде 450 мың адам саяхаттаған. Сондықтан қоғамдық көлік сапасы заман талабына сай болуы тиіс. «Қоғамдық көлік — қала тынысының күретамыры. Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау — біздің басты міндетіміз», — деді.
Жаңа көліктердің ерекшелігі:
Жаңа автобустар жолаушылар үшін барынша жайлы етіп жасалған:
Бейнебақылау камералары мен желдеткіштер орнатылған;
Электронды билеттеу жүйесімен жабдықталған;
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы пандустар қарастырылған.
Қалалық көлік көрсеткіштері:
Бүгінде Түркістанда 21 бағыт бойынша 204 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. Салада 300-ге жуық маман еңбек етуде. Айта кетерлігі, өткен жылы қалаішілік бағыттармен 27,6 млн жолаушы тасымалданған. Облыс әкімдігі жыл соңына дейін автопаркті тағы да толықтыруды жоспарлап отыр.
