АХУАЛ БАҚЫЛАУДА
Түркістан облысы әкімдігінде өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға арналған мәжіліс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев төрағалық етті. Облыстық басқармалар мен департамент басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ аудан және қала әкімдері орынбасарлары өздеріне тиесілі жағдайды баяндады.
Отырыста өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайға талдау жасалып, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Туындауы мүмкін тәуекелдердің алдын алу, қоғамдық көңіл-күйді тұрақты бақылауда ұстау және ақпараттық жұмыс жүргізу ұсынылды.
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтау және өзекті мәселелерді жедел шешу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, жауапты басшыларға қойылған міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын талап етті.
