КІТАП ОҚЫП, ШАХМАТ ОЙНАП КЕТЕСІЗ

Шымкенттегі дендрологиялық саябақта енді кітапхана бар. Жасанды көл маңындағы бұрынғы ескі ғимарат қайта жаңғыртылып, орнына заманауи кітап оқу залы мен шахматшылар үйіне айналды.

​Нысан демеушілердің есебінен күрделі жөндеуден өтті. Енді саябаққа келушілер тек серуендеп кетпей, бос уақытын пайдалы білімге де жұмсайды. Өйткені кітап оқу зейінді ашса, шахмат ойнау ойлау қабілетін дамытады.

​Ауданы 280 м² кітапхана қоры 5 мыңнан астам әдеби, ғылыми және психологиялық бағыттағы еңбектермен жарақталған және жанында 180 м² ашық терраса орналасқан. Мұнда зияткерлік демалысқа да ерекше көңіл бөлініп, шахмат ойнауға арналған арнайы 50 м² алаң бөлінген.

​Жаңалық қазірдің өзінде қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше қызықтырып тұр. Бұл жоба – мегаполистің мәдени-демалыс және туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.