МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫНАН БИЗНЕС ТЕ ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновтің баяндамасын тыңдады деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.

Табиғи апаттың салдарын жою және зардап шеккен отбасыларға жан-жақты көмек көрсету Үкіметтің  қадағалауында. Күні бүгінге 61352 адам өз үйлеріне оралса, эвакуациялық пункттердегі 5452 тұрғынға  жан-жақты жәрдем беріліп жатыр.
100 АЕК көлемінде бірреттік төлем беру үшін 10 миллиард теңгеден аса қаржы бөлініп, 26 мың отбасыға төленген, жалпы, 32655 өтініш келіп түскен.

Бұл жұмыстар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында аяқталып, Солтүстік Қазақстан облысында бірреттік қаржылай көмекті 6090, Қостанай облысында 4085, Атырау облысында 3730 отбасы алып отыр.

Баспаналары қираған 239 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге қоныстанды. Атап айтқанда, Қостанай облысында 146, Ақмола облысында 57, Ақтөбе облысында 28, Қарағанды облысында 6, Павлодар облысында 2 баспана тұрғындардың игілігіне берілген. Аймақтарда жаңадан 800 ден аса тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 891 жанұяға үйлерін жөндеу және қалпына келтіру шығындары үшін жалпы сомасы 1,9 миллиард теңге көлемінде өтемақы төленді.

Сол сияқты, өлген малдың өтемақысы ретінде мемлекеттен 1,3 миллиард теңгеден аса қаржылай қолдау қарастырылған. Президент тапсырмасына сәйкес мемлекет қолдауынан бизнес те тыс қалмайтынын баяндады, Үкімет басшысы.