ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУДА

Ел экономикасын дамыту үшін отандық және шетелдік инвесторларды тартып, инвеститциялық жобаларды жүзеге асыру Президент тапсырмасы. Осыған байланысты Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуда алда келе жатыр.

 

Бүгін облыс әкімі инвесторлармен кездесіп, келіссөздер жүргізді.

Нұралхан Көшеров: 

Біздің алдымызда Түркістан облысын жан-жақты дамыту міндеті тұр. Инвестициялық ахуал жақсы, толық қолдау көрсетіледі. Сонымен бірге біз инфрақұрылымды дамыту, ауыз су жүйелерін реттеу бағытындағы жобаларды жүзеге асыруға да мүдделіміз. Кездесуде айтылған ұсыныстар зерделеніп, тиісті жұмыс басталады деп сенемін, –деді.

 

Әлеуетті инвестор ауыл шаруашылығы, құрылыс және басқа да салада тиімді жобаларды жүзеге асырады. Оның ішінде су құбырларын шығару үлгісі әлемде үздіктер қатарында. Қос тарап жобаларды нақтылап, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.

 

Өңірге жыл басынан бері 196,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе жоғары. Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін және 2025-2028 жылдары жүзеге асырылатын 110 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Биыл 322 млрд. теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске қосып, 6 908 жұмыс орнын құру жоспарланған. Индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парк те кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын екенін айтады.