ПРЕЗИДЕНТ САННАН САПАҒА КӨШУДІ ТАПСЫРДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Жиынға Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.
Мемлекет басшысы Үкіметке макроэкономикалық орнықтылықты нығайту үшін ел тұрғындарының әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендетуді тапсырды. Сондай-ақ, халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңыздылығына тоқталды.
Президент экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуге мүдделі болу керектігін баса айтты.
