Шымкент: ҰҚК ҰСТАДЫ

ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті жемқорлықпен күресті жалғастыруда. Тағы бір басшыға қатысты тергеу амалдары аяқталды.

 

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Шымкент қаласы бойынша обаға қарсы күрес стансасының басшысы Ералқасын Түктібайға қатысты қылмыстық істі жолданды.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қарамағындағы қызметкерлерден еңбек шартын ұзарту үшін бірнеше рет пара алу фактілері анықталған. Кәсіпорын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және жұқпалы аурулардың алдын алумен айналысады.

 

Қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мамандандырылған комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізген.

 

Шымкент қаласының ҰҚК департаменті жемқорлықпен күресте алда келеді.