117 «ЫСТЫҚ НҮКТЕ» АНЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысының аумағында қоқыс жиі жиналатын 117 «ыстық нүкте» анықталды. Ол адам көп шоғарланатын орындар, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандар, базарлар, мал базарлар, кеден бекеттері, тарихи және шомылатын орындар. Аталған нүктелердің арнайы картасы әзірленіп, бөлек жоспар бекітіліп, тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. Енді бұл орындарға бейнебақылау камераларын орнату және Полиция департаментімен күнделікті рейд жүргізіледі.
Жалпы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірдегі республикалық маңызы бар жолдарды тазалауға 20 техника, 132 жұмысшы жұмылдырылған. Облыстық жолдарда 22 дана техника, 82 жұмысшы жолдардың тазалығын тұрақты бақылауда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде тазалық талқыланды.
Мәжілісте облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бұл бағыттағы жұмыстарды атап өтті. Күнделікті жүргізілетін 7257 тазалық шарасы бекітілген.
Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарлама аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Эко-патруль» белсенді жастар жобасы басталмақ. Оған 387 белсенді жас тартылмақшы.
«Ғарыш сапары» тарапынан анықталған қоқыс орындары тұрақты қадағаланып келеді. Соңғы екі жылдағы талдау нәтижесі бойынша бей-берекет қоқыс орындарының саны 367-ден 249-ға дейін азайған.
Ал, телеграмм-чат-бот «TAZAQAZBOT» ақпараттық жүйесіне 3 524 өтінім қабылданып, оның 3 518 орындалған. Қалған 6 өтінім қаралу үстінде.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Таза Қазақстан» бағдарламасын уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруды, жұмысты жандандыруды жүктеді.
