500-ДЕН АСТАМ ТАЛАНТ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ

Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында «Күй күмбірі» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Түркістандағы «Жібек жолы» саябағында 300-ден астам жас өнерпаз бір мезетте домбыра тартты. Оқушылар қазақ күй өнерінің жауһарлары – Құрманғазының «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін орындады.

 

Ұлттық өнерді ұлықтауға Түркістан, Кентау қаласы мен Бәйдібек, Отырар аудандарының оқушылары да қатысты. Олардың 300-ге жуығы Түркістанда, қалған 200-ден астамы өз аудандарында бір мезетте күй тартып, челленджді қолдады.

 

Жас таланттардың Наурызнама аясында ерекше шабыт алып, күй өнерін бір мезетте орындауы – ұлт руханиятын жаңғыртып, жас буынның дәстүрге деген құрметін арттыруға сеп болды.