50 БҮЛДІРШІННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Ордабасы ауданында бір мезетте 50 бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Ұлттық үрдіс Наурызнама онкүндігі шеңберінде ұйымдастырылды. Аудан әкімі Азат Оралбаев бастаған лауазымды тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері салт-дәстүрге сай бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

 

Тұсаукесер – баланың өмір жолы ашық, қадамы берік, болашағы жарқын болсын деген ізгі ниеттен туған ырым. Қаз-қаз тұрған сәбидің тәй-тәй басқан шағында жасалатын ғұрыпқа айналған.

 

Тұсаукесер рәсімінде ұлттық әндер шырқалып, салт-дәстүр дәріптелді. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өткен мәдени шара көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.