ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛДІ
Түркістан қалалық мәдениет үйінде «Наурызнама – дәстүр дәріптелген күн» атты мерекелік театрландырылған іс-шара өтті. Қала өнерпаздар «Ауылдың алты ауызы», «Жарапазан» халық әндерін шырқап, «Угайым-ай» әжелер хоры өнер көрсетті. Қонақтарға «Наурыз дәмі» ұсынылды.
«Күн мен Түн» бейнелері арқылы табиғаттың жаңаруын бейнелейтін сахналық қойылым қойылды. Наурыз аруы, Ұмай ана, Қыдыр ата бейнелері қатысқан «Тазару рәсімі» көрсетілді.
Мерекелік кеш барысында «Қара жорға», «Әз Наурыз», «Балауса», «Ақ тілек» әндері орындалып, «Этностайл», «Семсер» топтары мен басқа да өнерпаздар халық әндерінен попурри шырқады. Наурыз мейрамының сәнін кіргізген кеш болды.
