«АҚ ОРАМАЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Шаңырақ күні мерекесіне орай Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» республикалық акциясы өтті. Онда ұлттық құндылықтар, отбасылық дәстүрлерді жаңғырту және ананың қоғамдағы мерейін өсіру жолдары насихатталды.
Жиында қазақ халқының тағылымды дәстүрі жаңғыртылып, аналар жас жұбайларға және ақжаулықты әжелерге ақ орамал жапты.
Сондай-ақ, «Шылауыш орау» дәстүрінен сахналық көрініс, аналарға арналған әсерлі әндер, әжелердің «Ақ орамал» дефилесі, сондай-ақ, мәдени музыкалық қойылымдар ұсынылды. Қатысушыларға «Наурыз-базарлық» сыйлық бокстары тарту етілді.
