МЕШІТКЕ ҚЫЗМЕТТІК ҮЙ МЕН АВТОКӨЛІК КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Шардара аудандық орталық мешітіне бес бөлмелі қызметтік үй мен жаңа қызметтік автокөлік берілді. Демеушілердің тартуын аудан әкімі Арман Қарсыбаев табыстады.
Бас имам Қажымұқан Тынышбекұлы көрсетілген құрмет пен қолдау үшін ризашылығын білдіріп, аудан әкіміне батасын берді. Игі істер Рамазан айындағы ауданның жомарт азаматтарының сауабы мол сыйы болды.
