ГҮЛ ОРТАЛЫҒЫ МЕН КЕШЕНІН САЛУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдың «Wuhan Xiangyu Dingsheng Construction Engineering Co., Ltd.» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосу барысында өңірде «Гүлдер мен декоративті ағаштар өсіретін заманауи жылыжай кешені мен арнайы сауда орталығының құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру мәселелері жан-жақты қаралды. Аталған жоба облыстың көгалдандыру әлеуетін арттыруға, гүл шаруашылығы мен сәндік өсімдіктер өндірісін дамытуға, сондай-ақ жаңа…

Толық оқу

ҚОНЫС ТОЙЛАУШЫЛАР ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ

Шымкент қаласында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. Осы орайда кезекті пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтіп, тағы 30 отбасы жаңа қоныстың иесі атанды. Салтанатты шара «Көрме» орталығында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен ұйымдастырылды. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында өз иелеріне табысталды. Жаңа тұрғын үйлер қаланың қарқынды…

Толық оқу

АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК АЯСЫН КЕҢЕЙТЕДІ

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді. Басқосу барысында тараптар мегаполистің инфрақұрылымын дамыту, көлік жүйесін жетілдіру, энергетика саласын жаңғырту, цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы бірлескен жобалар мен ынтымақтастықтың келешек мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады. Бүгінде Алматы Қазақстан экономикасының шамамен төрттен бір бөлігін қалыптастырып отырған, іскерлік белсенділігі жоғары әрі…

Толық оқу

ӘРБІР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру, инвестиция көлемін ұлғайту, өндіріс орындарын көбейту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы міндеттерді жүйелі түрде айқындап келеді. Президент жүктеген тапсырмаларға сәйкес Түркістан облысында инвестициялық жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асыру мәселесіне айрықша көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты…

Толық оқу

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының конференциясы өтіп, оның қорытындысы бойынша облыстық филиалдың төрағасы, Саяси кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды. Конференция барысында қаралған негізгі мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Сонымен қатар, күн тәртібіне сәйкес облыстық филиалдың басшылық органдарын қалыптастыру мәселесі талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды….

Толық оқу

ІІМ ЖАУАБЫ: РАҚЫМШЫЛЫҚҚА КІМДЕР ІЛІНБЕЙДІ?

Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған рақымшылық туралы заң – елдің жаңа Конституциясының қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жекелеген адамдарға қатысты қабылданған ізгілік актісі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Рақымшылық қоғамға қауіп төндірмейтін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық қауіпсіздікке және заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің өзге де маңызды мүдделеріне зиян келтіретін қылмыстық және әкімшілік құқық…

Толық оқу

 «ТАЗА СУ АЙДЫНДАРЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысының бірқатар ауданында «Таза су айдындары» экологиялық акциясы шеңберінде кең ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді. Атап айтқанда, Шардара, Төлеби, Түлкібас, Сайрам, Бәйдібек, Арыс, Отырар және Сауран аудандарында ұйымдастырылған іс-шара барысында өзендер мен көлдердің жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жиналған қоқыс арнайы белгіленген орындарға тасымалданды. Атап айтқанда, Сайрам ауданында Ақсу өзенінің 4,6 шақырым жағалауында тазалық жұмыстары жүргізіліп,…

Толық оқу

ҰРЛЫҚ ПЕН ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Алдағы кезеңде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Басқосуда екі өзекті бағыт кеңінен қаралды. Атап айтқанда, Ұрлықтарға қарсы іс-қимылдың 2024–2026 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы талданып, мүліктік қылмыстардың, оның ішінде пәтер, автокөлік, мал, қалта және ұялы…

Толық оқу

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 80 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында 80 отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қоныс иелерін өмірлеріндегі маңызды оқиғамен құттықтап, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың маңызын атап өтті. Жаңа пәтерлер қаланың қарқынды дамып келе жатқан тұрғын аудандарының бірі…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ: ӨҢІРЛІК ШТАБ НАҚТЫ МІНДЕТТЕРДІ АЙҚЫНДАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыстық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың кезекті отырысы өтті. Басқосуда есірткі қылмыстарының алдын алу, мемлекеттік шекара арқылы есірткі мен химиялық заттардың заңсыз тасымалына тосқауыл қою, сондай-ақ синтетикалық есірткілерге жүргізілетін сот сараптамаларының сапасы мен жеделдігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Жиынға құқық қорғау және арнайы…

Толық оқу