ТАУ ТАБИҒАТЫН ТАМАШАЛАУ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Түркістан облысының Түлкібас ауданында «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдығына орай Ақсу шатқалында жаңа көру алаңы пайдалануға берілді. Нысанның басты мақсаты – Ақсу құз-шатқалының табиғи ерекшеліктерін кеңінен таныстыру, экологиялық туризмді өркендету және туған өлкенің көркем келбетін дәріптеу. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, табиғи аумақтарды сақтау, қорғау және туризм саласын ілгерілету бағытындағы жұмыстардың…
