ТАЗАЛЫҚ САҚТАМАҒАНДАР 46 МЛН АЙЫППҰЛ АРҚАЛАҒАН
Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осы мақсатта Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жанданып, 19 қыркүйекте Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпыөңірлік тазалық акциясы ұйымдастырылады. Бұл күні елді мекендерді қоқыстан тазарту, абаттандыру және ағаш отырғызу шараларын өткізу жоспарланған. Өңірдегі экологиялық бастамалардың орындалу барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде қаралды….
