КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы Т.Бокин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің қазіргі жағдайымен танысып, тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында облыс әкіміне тұрғын үйлердің жай-күйі, инженерлік инфрақұрылымы және аумақты абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берілді. Жүздесу кезінде тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, оларды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. – Мемлекет тарапынан тұрғындарға қолайлы әрі…

Толық оқу

ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН ЗАҢДАСТЫРУДЫ СҰРАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындарды кезекті рет жеке қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында көтерілген өзекті мәселелер жауапты тұлғалармен бірлесіп жан-жақты зерделеніп, оларды шешу жолдары қарастырылды. Бірқатар мәселе сол мезетте тиісті шешімін тапты. Жеке қабылдауға Түркістан, Кентау, Арыс қалаларының, сондай-ақ Келес және Сауран аудандарының тұрғындары қатысты. Азаматтар облыс әкіміне әлеуметтік, инфрақұрылымдық және…

Толық оқу

ӨЗІНДІК КІРІСТЕР МЕН ТҮСІМДЕР КӨЛЕМІ АРТТЫ

Биылғы жылдың алғашқы 7 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысы бюджетінің шығыстары жөніндегі жоспар 888,9 млрд теңгені құраса, оның 886 млрд теңгесі игеріліп, жоспардың орындалу деңгейі 99,7%-ға жетті. Шығыс жоспарларының жүзеге асырылу көрсеткішіне сәйкес, 1 тамыздағы мәлімет бойынша өңір республика көлемінде 3-орынға (99,7%) орналасты. Қаржы саласына қатысты өзекті мәселелер өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен биылғы…

Толық оқу

БІРНЕШЕ ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

Түркістан облысында бірқатар ауқымды өндірістік жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағының аумағында 2 гектар жерге полимерлік дисперсияларды синтездеуге бағытталған автоматтандырылған зауыт салу көзделуде. Сонымен қатар 3,1 гектар аумақта мақта мен сабаннан целлюлоза өндіретін кәсіпорын құрылысы қолға алынбақ. Ал 2 гектар жерге күнбағыс майын өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр….

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ АҚШ КОНГРЕСІ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Өкілдер палатасының Бюджет және салық жөніндегі комитетінің төрағасы Джейсон Смит бастаған Конгресс делегациясымен кездесті. Кездесуге Конгресс мүшелері Грег Мерфи, Кэрол Миллер, Ронни Джексон, Уэсли Белл және Эдвард Кейс қатысты. Мемлекет басшысы америкалық делегацияға ілтипат білдіріп, олардың Қазақстанға сапарының еліміздегі бір палаталы Құрылтай сайлауымен тұспа-тұс келуінің символдық мәніне назар аударды. Қасым-Жомарт…

Толық оқу

МЫҢ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ЗАУЫТ САЛЫНУДА

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Sinopec» компаниясының вице-президенті Чжан Чжансинмен кездесті. Кездесу барысында Созақ ауданында жүзеге асырылып жатқан фосфоритті руданы терең өңдеуге бағытталған заманауи зауыт жобасының қазіргі ахуалы мен алдағы жұмыс жоспары талқыланды. Құны 150 млрд теңгені құрайтын ауқымды инвестициялық жобаны «Созақ Фосфат» ЖШС жүзеге асыруда. Жоба жергілікті минералдық-шикізаттық базаны тиімді игеріп, фосфоритті руданы өндіру,…

Толық оқу

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН АЛҒА ҚОЯТЫН МЕМЛЕКЕТ МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРМАҚ

Заң мен тәртіп – әділетті қоғам мен тұрақты мемлекеттің берік негізін қалайды. Әділетті мемлекетте заң баршаға бірдей қолданылады, азаматтың құқығы әлеуметтік жағдайына, қызметіне немесе қоғамдағы орнына қарамастан қорғалады. Заңның үстемдігі – тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, ол әр азаматтың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігінен басталатын ортақ құндылық. Партия үшін қауіпсіз Қазақстан – азамат өз үйінде, көшеде,…

Толық оқу

БІЛІМНІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ

Түркістан облысында «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында облыстық тамыз конференциясы өтті. Дәстүрлі жиын аясында білім беру саласындағы инновациялық жобалардың көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. Жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, білім беру саласының мамандары, педагогтер, мектеп директорлары, білім беру ұйымдарының басшылары және ата-аналар қауымдастығының…

Толық оқу

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының атынан қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыстады. Марапат иелерінің қатарында әр жылдары Қазақстан Республикасы Парламентінде депутаттық қызмет атқарған азаматтар, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп, еліміздің заңнамалық және мемлекеттік институттарының орнығуы мен дамуына айрықша…

Толық оқу

ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысында инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға басымдық берілуде. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, туындаған мәселелерді жедел шешу және әкімшілік кедергілерді барынша азайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл өз кезегінде өңірдегі инвестициялық белсенділіктің артуына ықпал етіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруға жол ашуда.   Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерін…

Толық оқу