ЗАМАНАУИ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ: ЖАЙЫЛЫМДЫ ҮНЕМДЕУДІҢ ОҢ ШЕШІМІ
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында америкалық технологиямен жабдықталған заманауи мал бордақылау кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Құны 4,3 млрд теңгені құрайтын жоба бір мезгілде 5 мың бас ірі қараны бордақылауға арналған. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына жұмыс сапары кезінде Қақпақ ауылдық округіне барып, «Қарқын-2030» ЖШС іске асырып жатқан инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы…
