САРЫАҒАШ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Түркістан облысының Сарыағаш қаласында жаңғырту жұмыстарынан өткен теміржол вокзалы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев, облыстық мәслихат төрағасы Нұрлан Әбішов, теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиында облыс әкімі «Сарыағаш» теміржол вокзалының өңір үшін маңыздылығына ерекше тоқталды. – Баршаңызды…
