ТҮРКІСТАНДА ЭКОПАРК АШЫЛАДЫ
Түркістан облысында Қарашық өзенінің бойында жалпы көлемі 50 гектарды қамтитын «Түркістан» экологиялық саябағының құрылысы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Аталған жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында қолға алынған. Бұл бастама өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды жобалардың…
